Жоспарға сәйкес педагог-психолог 7 сынып оқушылары арасында "қарым-қатынас сағаты"тренингінің элементтерімен сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты-адамның дамуы үшін қарым-қатынастың маңыздылығы туралы идеяны қалыптастыру, сонымен қатар жасөспірімдердің коммуникативті саласын дамыту арқылы деструктивті мінез-құлқының алдын алу.