8 қыркүйекте лицейде 11 сынып оқушыларының ҚР ҰҚК СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Қонақтар балаларға өз жұмыстары, қызметтің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына, келісімшарт бойынша әскери қызметке және осы бағыттағы басқа да оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесу қызықты әрі танымды өтті, оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, шекарашы мамандығы туралы көбірек біле алды.
#кәсіптік_бағдар

